Алматы әкімі білім беру жүйесіне қолдау көрсеткені үшін медальмен марапатталды

АЛМАТЫ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Қазақстан Республикасының білім беру ісіндегі ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Алматы әкімі білім беру жүйесіне қолдау көрсеткені үшін медальмен марапатталды

Медальді әкімге бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Алматы қаласы мұғалімдерінің тамыз мәслихатында тапсырды. Бұл награда қала басшысына білім беру жүйесіне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін беріліп отыр.