Алматы әкімі экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, мәселелері бойынша қабылданған шаралар туралы әңгімеледі

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы К.Мәсімов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Әбдірахымов, Алматы қаласының, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының әкімдері қатысты.
Кеңес барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына өңірлік даму мәселелері, оңтүстік өңірлерде елеулі маңызды өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыружөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады. Ол Президенттің барлық тапсырмасы Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін және жүйелі дәрежеде жүзеге асырылатынын атап өтті.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, заңсыз көші-қонды реттеу және қаладағы көлік проблемаларын одан әрі жолға қою мәселелері бойынша қабылданған шаралар туралы әңгімеледі.