Алматы әкімі Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасымен кездесті
strong> Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов елімізде жұмыс сапарымен жүрген Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мәуліт Чауышоғлымен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында М. Чауышоғлы Еуропалық Кеңестің Қазақстанмен қарым-қатынасын жоғары бағалайтынын жеткізді. «Қазақстанды еуропалық мемлекеттің бірі ретінде қарастырам. Даму қарқыны жоғары, жас мемлекеттің болашақта әлеуеті мол алпауытқа айналатынына сенім білдірем», деді еуропалық қонақ. Алматы әкімі Мәуліт Чауышоғлының елімізге сапары үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның Еуропаға белсенді түрде жол салып жатқанын атап өтті. «ҚР Президентінің табысты саясаты нәтижесінде біздің еліміз ЕҚЫҰ ұйымына төрағалықты жүзеге асырып жатыр», деді қала әкімі.