Алматы әкімі халық алдында есеп беріп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халық алдында есеп беру кездесуінде коронавирус инфекциясының жаппай таралуын болдырмауға не көмектескенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі халық алдында есеп беріп жатыр

Бақытжан Сағынтаевтың Алматы диалогы 2.0 есептік кездесуі онлайн форматта өтіп жатыр. Ең алдымен 2020 жылы қалада атқарылған жұмыстар туралы қысқаша фильм көрсетілді.

«Расында да әрқайсымыз үшін өткен жыл шиеленістерді бағындырған жыл болды.Әлемдік пандемия біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті. Менталитетімізге, өмір сүруімізге ықпал етті. Пандемия әлеуметтік және экономикалық салаларға кері әсерін тигізді. Бірақ біздің «Алматы біргеміз», деген сөзде көрініс тапқан алматылық ынтымағымыз бізге пандемияны ауыздықтауға көмектесті», - деп атап өтті қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Қала тұрғындарының арасында инфекцияның кең таралуына жол бермеу мақсатында Алматы әкімдігі әлеуетсіз шығындардан бас тартып, бюджетті оңтайландырды, COVID-19-ға қарсы күреске 19 108,4 млрд теңге бөлді. Осының арқасында қысқа мерзім ішінде 2 модульді клиника салынды, РВ-90 инфекциялық стационардың, патологоанатомиялық бюроның құрылысы аяқталды.

Клиникалардың материалдық техникалық базасы 41,8 млрд теңгеге нығайтылды. Медициналық препараттар мен дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмай, тұрақтылық қорын құру үшін қалалық бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді.

Оның 5 млрд дәріханаларды қамтамамыз етуге, 5 млрд ауруханалар мен емханаларға бөлінді.

Жедел жәрдемнің және алғашқы медико-санитарлық көмектің жұмыстары күшейтілді. Күн сайын 103 пультіне қалалықтардан төрт мыңға дейін қоңыраулар түсіп отырды.

Қадамдық медициналық қызметпен қамтамасыз етудің үш жылдық қалалық жоспарының аясында 16 амбулатория іске қосылды.

Жедел жәрдем қызметі жаңа реанимобильдермен қамтамасыз етілді. Заманауи құрылғылармен жабдықталған 135 жедел жәрдем көлігі сатып алынды.

Сонымен қатар, қадрлар резерві жасақталды. Медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 %-ға көтерілді.

50 мыңнан астам медициналық қызметкерлерге 16,7 млрд көлемінде жалақыларына қоса үстеме ақы төленді.

Қалалықтарға қашықтан кеңес беру үшін Телемедицина орталығы құрылды.

Дағдарысқа қарсы тиімді шаралардың арқасында инфекцияның кең тарауына, өлім-жітімге тосқауыл қойылып, вакциналаудың басталуына дейін уақытты жеңуге мүмкіндік туды.

Алматыда 2021жылдың ақпанында халықты жаппай вакциналаудың ауқымды науқаны басталды.

«Қала пандемияны лайықты жеңіп келеді. Бүгінгі күні Алматы жасыл аймақта. Бұл біз құрған жүйелер мен қабылдаған шешімлердің тиімділігін көрсетеді», - деді Б. Сағынтаев.