Алматы әкімі қала тұрғындарын Құрбан айтпен құттықтады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарын қасиетті құрбан айт мейрамымен құттықтады және мегаполистің орталық мешітінде намаз оқыды.
Өзінің құттықтау сөзінде әкім ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде үлкен нәтижелерге жеткенін атап өтті.
«Ислам - бірлікке, дотстыққа және мейірбандыққа шақыратын ең бейбіт діндердің бірі. Құрбан айт кезінде ізгі амалдармен мұқтаждарға көмектесіп, туыстардың хал-жайын білу қажет, бұл күн бәріңізге қуаныш, денсаулық және игілік әкелсін», - деді Б.Байбек.
Әкім сондай-ақ ата-баба дәстүрін сақтай отырып, болашақ ұрпақтың дәстүрлі емес діни ағымдар жетегінде кетіп қалмауы үшін, оларды жас ұрпаққа ұғындырудың маңызын атап көрсетті.
Еске сала кетейік, бүгінде Алматыда 47 мешіт жұмыс істейді.