Алматы әкімі қаладағы ірі сауда орындарын аралады

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов бірқатар сауда орталықтарында болып, тауар бағасымен танысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол азық-түлік өнімдеріне жоғары сұраныстың да, жоғары бағаның да жоқтығына көз жеткізді. Сауда орындарының басшыларымен сұхбаттасқан әкім азық-түлік өнімдерінің қорына мән беруді және алаяқтыққа жол бермеуді атап өтті. Қала әкімі ақша айырбастау орындарында да болып, доллар мен еуроға аса қатты сұраныстың жоқтығына көз жеткізді. Әкім сапарынан байқалғаны, ақша айырбастау орындарында валюта тапшылығы сезіліп отырған жоқ.
Соңғы жаңалықтар