Алматы әкімі қаланың денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың үшінші толқынына дайын екенін айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға арналған онлайн баспасөз конференциясында қала әкімі денсаулық сақтау жүйесінің коронавирус инфекциясының үшінші толқынына дайын екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өткен жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын нығайту үшін қабылданған шаралар туралы айтты.

«Бүгінде қалада 3 эшелонға бөлінген 7 мың инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде - 5 мың кереует. Олардың жүктемесі 54%. Қазіргі уақытта инфекциялық ауруханаларда 350 жағдайы ауыр насқас бар. Оның 46-сының жағдай өте ауыр. 6 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған. Инвазивті емес аппаратта және HighFlo-да - 89 науқас.

Стационарларда 420 жансақтау орны бар, олардың жүктемесі 34% (152 науқас)», - деді қала әкімі.

Мегаполистің төрт мыңға жуық пациенті амбулаторияда емделіп жүр. Осы уақыт аралығында үйдегі науқастарға 409 мобильді топ пен телемедицина орталығы емдеу бойынша көмек көрсетті.

«Қазіргі уақытта COVID-19-бен күресуге 8 500 медицина қызметкері қатысуда. Резервте 2 758 медициналық маман бар. Алматыда 25 ПТР зертханасы бар, олардың барлығы жұмыс күні де, демалыс күні де қабылдауға дайын. Барлық зертханалардың тәуліктегі қуаты - 14 500 сынақ, бірақ оларды 24 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік бар»,- дейді қала басшысы.

Алматы әкімі маска режимі мен әлеуметтік ара қашықты қатаң сақтау керектігін еске салды. Сондай-ақ, қала тұрғындарын адам көп шоғырланған жерге барудан бас тартуға шақырды.


Соңғы жаңалықтар