Алматы әкімі қаланың құқық қорғау органдары басшыларымен кеңес өткізді

АЛМАТЫ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов құқық қорғау органдарының басшыларымен, олардың қызметіне арналған арнайы кеңес өткізді.
None
None

Кеңес барысында қала әкімі заң органдарының үлескерлік құрылыс нысандары бойынша жұмыстарына сын айтты. Ахметжан Есімовтың айтуынша, сот әкімшілігі комитеті мен ҰҚҚ-ның бұл бағыттағы жұмыстары еш нәтиже беріп отырған жоқ. Атап айтқанда, үлескерлердің үмітін ақтамай, өз активтерін жасырып отырған құрылыс компанияларының нысандарын тәркілеу бағытындағы қос органның жұмысы жүзеге аспаған.

Кеңес барысында қала әкімі құқық қорғау органдары басшыларының атқарып жатқан жұмыстары туралы тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді. Ол сондай-ақ отырыстың Елбасы тапсырмасына сәйкес өткізіліп отырғанын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 4-і күні Елбасы азаматтардың құқығын қорғау мәселесі бойынша арнайы кеңес өткізіп, үлескерлер, қылмыспен күрес, кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері талқыланған еді. Сондай-ақ бұл мәселенің аймақтарда жеке талқылануы туралы арнайы тапсырма берген болатын.

Соңғы жаңалықтар