Алматы әкімі Қазақстандағы Канаданың елшісі Николя Бруссомен кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Канаданың елшісі Николя Бруссомен кездесті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Алматы әкімі Қазақстандағы Канаданың елшісі Николя Бруссомен кездесті

«ҚР Канаданың елшісі Николя Бруссомен кездестім. Алматы әкімдігі мен «Еуразиядағы Канадалық іскерлік қауымдастық» меморандумына сай Алматы мен Ванкувердің арасында сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселесін талқыладық», - деп жазды Б.Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.