Алматы әкімі күзгі ағаш егу жұмыстарына қатысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншілерге басымдық беріп, қайта жасалған көшелерге ағаш отырғызу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
None
None

null

Алматы әкімі Бауыржан Байбек,  мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері және қаланың коммуналдық қызмет кәсіпорындарының қызметкерлері жаяу жүргіншіге басымдық беріп, қайта жасалған Панфилов, Жібек жолы, Қабанбай батыр, Гоголь көшелері мен «Астана» алаңына ағаш отырғызу шарасына қатысты. 

Бүгін тәлімбақта өсірілген, 100%  тамыр жайып кететін бұтақ жарған терек, қайың, емен ағаштары отырғызылды. Жалпы, жоба бойынша қайта  жаңғырған бес көшеде аллеялы және пейзажды 2312 ағаш, 3 мыңнан астам бұтақтар мен көптеген гүлзарлар отырғызу жоспарланған. Ағаштың басым көпшілігі осы айда, ал қалғандары көктемгі маусымда отырғызылады.

null 

Келер жылы реконструкцияланған көшелерде декоративті алма  ағаштары, акация, бұтақтар, спирея, қарақат пен  кеңтамыр  гүл жаратын болады. Емен мен терек көлеңкелі кеңістікті қалыптастырады, ал қайың мен  шырша, тұя жыл бойына қылқан иісімен тыныстатады. 

«Алматы - бақпен көмкерілген ару қала, сондықтан біз бұрыннан бар ағаштарды сақтай отырып, жасыл желек қорын ұлғайтуға міндеттіміз. Бүгінгі күні қала бизнесмендері «Туған жер» бағдарламасы аясында  инфрақұрылымды жобаларға ғана емес, сонымен қатар ағаш отырғызуға да белсене қатысуда, ал бұл өте маңызды. Біздің әсем қаламыз бұрынғыдан да сұлу әрі жасыл желекке орана түсуі үшін қалалықтарды осы бастаманы қолдауға шақырамын», - деді Бауыржан Байбек.

null 

Жалпы, биылғы жылы Алматыда  26 мыңнан астам ағаш отырғызылды, тағы да 5 мың жасыл желек отырғызу жоспарланған. Бұлардан өзге,  компенсациялық және бастамашыл тұрғыда 7 мың ағаш отырғызылатын болады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалада жыл аяғына дейін 210 ағаш отырғызылады. Мысалы, кәсіпкерлер Меңдіқұлов көшесінің бойына 15 ағаш,  көлік тұрағы болған Фурманов көшесінің бойына (Сәтпаев көшесінен төмен) 31 терек отырғызды.

null 

 Алматыда  биылғы жылы қаланың тарихи орталығының үштен бірі қайта жасалды, жаңғыру аясында ғимараттардың сыртқы келбеті әрленді, құрғақ фонтандар пайда болды, авторлық архитектуралық кіші пішіндер қойылды, демалыс аймақтары, балалар алаңдары жасалды, жасыл желекті суару желісі жүргізілді.

null 

Соңғы жаңалықтар