Алматы әкімі Қытайдың Хайнань провинциясының губернаторымен кездесті

АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов Қытайдың  Хайнань провинциясының губернаторы  Ло Баоминмен кездесті, 
None
None

          деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың кәсіпкерлік, туризм саласында әріптестігін дамыту мәселелері талқыланды.Хайнань губернаторы өз сөзінде  бұл сапарының басты мақсаты екі ел кәсіпкерлерінің байланысын дамытуға ықпал жасау екендігін атап өтті. Бұған дейін белгілі болғандай, қазіргі кезде Қытайдың құзырлы органдары екі ел арасында визасыз жүйе орнату жолдарын қарастыруда.Бұл бағытта арнайы жұмыс тобы құрылып, олар бұл жүйені алдағы қысқа дейін енгізу бағытында жұмыс істеуде.Сондай-ақ Алматыдан Бейжің арқылы Хайкоу қаласына дейін тікелей ұшақ   рейсі енгізілмек.

Кездесу барысында алдағы уақытта Алматыда болатын  Қысқы  Азия ойындарын өткізу мәселесі де талқыланды.Алматы әкімі өз сөзінде қазіргі кезде ҚР Президентінің қолдауымен  оған   қызу дайындық жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл бағытта спорттық шаралар өтетін барлық нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Бұл өз кезегінде туризм саласының дамуына да ықпал етеді», деді қала әкімі  сөзінде.

Соңғы жаңалықтар