Алматы әкімі мұғалімдер күні қарсаңында білім беру саласының 14 қызметкеріне пәтер кілтін табыс етті

МАТЫ. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз мәслихаты кезінде баспаналы болған 12 мұғалімнің қатарына бүгін тағы 14 адам қосылды. Оларға қала әкімі Ахметжан Есімов пәтер кілтін Мұғалімдер күніне орай Абай атындағы опера және балет театрында өткізілген салтанатты жиында табыс етті.

Алматы әкімі мұғалімдер күні қарсаңында  білім беру саласының 14 қызметкеріне пәтер кілтін табыс етті

Олардың қатарында - №161 мектептің лаборанты Нұрсәуле Әмірқұлова, №102 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Еңлік Нұрғалиева, №147 мектептің ағылшын пәнінің мұғалімі Шәрбат Әбдіғожаева, №84 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботакөз Бәйсейітова және тағы басқалар бар.

Бұл күні сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай үздік 20 мұғалімге арнайы әзірленген "Алтын алма" символикасы мен құрмет грамоталарын алды. Білім беру саласының бірқатар қызметкерлері Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталып, "Білім саласының құрметті қызметкері" және Ы. Алтынсарин белгілерін иеленді.