Алматы әкімі Мұқағали Мақатаев атындағы мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады
МАТЫ. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматының барлық мектептерде қоңырау қағылып, Білім күнін атап өтті. № 140 мектеп ұжымын қала әкімі Ахметжан Есімовтің өзі құттықтады.
Мұқағали Мақатаев есімін иеленген мектепте бүгін қос бірдей мереке. Бірі бүгінгі білім күні болса, екіншісі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы. Қала әкімі қос бірдей мерекемен құттықтап, табыс тіледі. «90 жылдары Алматыда қазақ тілді 5-ақ мектеп болса, бүгінде саны 50-ден асады. Онда 80 мыңға жуық оқушы білім алуда. Болашақта саны арта беретініне сенімдімін. М.Мақатаев атындағы мектеп сол қазақ тілді жетекші білім ордаларының бірі. Жаңа оқу жылында мектеп ұжымы мен оқушыларға табыс тілеймін»,- деді қала әкімі.
Алматыда қазіргі кезде 181 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп бар, онда 160 мыңнан астам оқушы оқиды.