Алматы әкімі Наурызбай ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
None
None

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын дамыту бойынша өткізген көшпелі жиын барысында жақында құрылысы аяқталатын жаңа әкімшілік орталық, 1 200 орындық мектеп, күніне 500 және 200 адам қабылдайтын екі емхана құрылысының жұмыстарын көрді.  
null

Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сайфеденов биыл Қалқаман ықшам ауданында жаңа жолдар салу жоспарланғанын айтты.

Аудан әкімінің айтуынша, ұзындығы 17 шақырым болатын 32 көше жаңартылады және ұзындығы 26 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Бұдан өзге, Жандосов көшесі күрделі жөндеуден өтеді, Сайын көшесінің қиылысынан Таусамалы поселкесіне дейін жалпы ұзындығы 2,08 шақырымдық жол салынады. Жөндеу жұмыстары барысында жол төрт жолаққа дейін кеңейеді, Қарғалы өзенінің бойындағы көпір қайта жасалады, веложолдар мен тротуарлар салынады», - деді ол. 
null

Сайран Сайфеденов Бауыржан Байбекке көшелерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын мерзімінен бұрын, қыркүйек айында аяқтау жоспарланғанын айтты.

Қала әкімі Ақжар ықшам ауданындағы іске қосылмаған «Эдельвейс» бала бақшасында болды. Нысанның жалпы аумағы - 1 805 шаршы метр. 2007-2017 жылдары Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бала бақшаны «Центр Вид» ЖШС-не басқаруға берген. Алайда, балабақша күні бүгінге дейін бос тұр. Қала басшысы бұл балабақшаны ашу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік, Наурызбай ауданында 3 жастан 6 жастағы 668 балаға мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде орын жетіспейді, ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1 419 балдырған балабақшаға зәру.

Соңғы жаңалықтар