Алматы әкімі Орыс православ шіркеуінің өкілдерімен кездесті

МАТЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Сара Маұстафина/ - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен, Орыс Православ Шіркеуі және шетелдегі Орыс Православ Шіркеуі делегациясымен кездесті.
None
None

Бұл екі жақты кездесу Қазақстанға ертеден келе жатқан Құдай анасы «Знамение» иконының әкелінуіне орай өтті. Осы қасиетті иконның қазақ топырағына келуіне қатысты Алматыдағы Қазақстанның Православ Шіркеуінде Құдайға құлшылық ету рәсімі де болды. Әкіммен кездескен делегация құрамында Берлин Архиепископы-германдық және Ұлыбритандық Марк, Протоирей Александр (АҚШ), Боржом және Бакуриан Митрополиті Серафим, басқа да қонақтар болды.

Астана және Қазақстан Митрополиті Александр Қазақстанға, оның ішінде Алматыға аса қасиетті миссиямен келген мәртебелі қонақтарды жылы қабылдағаны үшін қала басшысына алғысын білдіріп, қазақстандықтар мен алматылықтардың Православия мен көп ғасырлық ғұмыры бар тарихи бейне-иконға тек жақсылық үшін құлшылық ететіндіктерін жеткізді. Өйткені, бұл бейне тек орыс Православ шіркеуі ғана емес, жалпы Ғаламдық Православия үшін де қасиетті. Астана және Қазақстан Митрополиті Александр ғажайып иконның Қазақстанға алғаш келуін де атап өтті. Бұған дейін икон Астана мен Қарағанды қалаларында болған екен.

«Президентіміз айтып өткендей, дәстүрлі Ислам мен Православие - біздің еліміздің тарихи діні болып табылатын екі конфессиялар. Біздің қоғамымыз көпұлтты және поликонфессионалды. Бейбітшілік, достық, келісім, бауырмалдық қасиеттер Қазақстан халқына, еліне тән. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан тек көршілес елдерге ғана емес, өзгелерге де үлгі. Президентіміздің кемеңгер саясатын басшылыққа ала отырып, сіз бізге үлкен түсіністікпен қарап, қамқор қолыңызды созып келесіз, бұған айтарымыз тек қана алғыс», - деп атап өтті Астана және Қазақстан Митрополиті Александр.

Ахметжан Есімов мәртебелі қонақтарға Қазақстанның дін мәселесіне өте түсіністікпен қарайтындығын, қоғамда діннің үлкен мәнге ие екендігін айтты. Тәуелсіздік жылдары ішінде республикада үлкен өзгерістер болды, советтік Қазақстанда дінге сенушілер 5% болса, қазіргі кезде сенбейтіндер - 5%.

«Мемлекет басшысы қазақстандықтар өміріндегі маңызды мәселеге үлкен мән беруде. Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілі бейбіт өмір сүріп, өзара сыйластық пен келісімге бөленуде, халықтың 90%-дан астамы екі дінді - Ислам мен Православияны ұстаған. Сондықтан да біз өзара тығыз байланыс орнықтырып, көпұлтты қоғамымызды одан әрі дамытуға ықпал ететін ортақ міндеттерді бірігіп шешеміз», - деді Ахметжан Есімов.

Соңғы жаңалықтар