Алматы әкімі түлектерге ата-аналар мен мұғалімдерінің үмітін ақтауға тілектестік білдірді

АЛМАТЫ.Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат «Сіздер – еліміздің келешегісіздер. Біздің егемен елімізді нақ сіздер ілгері дамытатын боласыздар. Сондықтан да қазір сіздерді тәрбиелеуге және оқытуға барлық жағдай жасалып отыр, ал сіздер жақсы оқып, ата-аналарыңыз бен мұғалімдеріңіздің үміттерін ақтауға тиіссіздер»,
None
None
- деді бүгін Алматыда №167 жаңа орта мектепте оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау салтанатында қала әкімі Ахметжан Есімов, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы әкімі баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша биыл қаланың орта оқу орындарын 8 379 түлек бітіріп шығады. Алматыда барлығы 179 мемлекеттік және 40-тан астам жеке мектеп бар, оларда 167 мыңға тарта оқушы білім алуда. «Қалқаман» шағынауданындағы №167 мектеп 2009 жылғы қаңтарда пайдалануға берілді. Ол мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынды. Оның ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. А.Есімов биыл Алматыда 3 мектеп ашылғанын айтты. Бұдан басқа, биыл тағы екі мектептің құрылысы басталады. Оның айтуынша, 15 жыл бұрын Алматыда барлығы 13 қазақ мектебі болған еді, қазір олардың саны 46-ға жетті. Қала басшысы мектептің спорт, акт, екі дәрістік және тренажер залдарында, асханада болды, сондай-ақ бірінші сыныптағы оқу жылының қорытынды сабағына және таэквондо бойынша сабаққа қатысты.
Соңғы жаңалықтар