Алматы әкімі ҰОС ардагерлері мен қала тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 28 Панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау алдына 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған мерекелік шара өткізілді.

Алматы әкімі ҰОС ардагерлері мен қала тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады (ФОТО)

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және қала тұрғындарын осы ұлы мерекемен құттықтады.

«Ардақты ардагерлер, құрметті қауым! Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығыменен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі қасиетті Жеңіс күні халқымыз үшін ерекше, мерейлі күн! Бұл Жеңіс соғысқа аттанған қайсар рухты майдангерлердің қайтпас ержүректілігі мен елдегі тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің жемісі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Ұлы Жеңіс бізге аталардың қанымен, аналардың терімен келді. Біз батыр бабаларымызды ұлықтап, есімдерін ұрпақ жадында қашанда жаңғырта беруіміз керек», - деді Б. Байбек.

Осыдан кейін Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Одан соң, жиналған қауым алдынан құрметті қарауыл ротасы салтанатты сап құрып жүріп өтті.

Артынша, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі басталды.

Құйып тұрған жаңбырға қарамастан, Бауыржан Байбек бастаған Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Қазақстан қарулы күштерінің, Ауған соғысының ардагерлері, дипломатиялық корпустың өкілдері, Генералдар кеңесі Төралқасының мүшелері, Алматы қалалық жастар ұйымдары мен басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, қолдарына соғысқа қатысқан ата-бабаларының портреттерін ұстаған қала тұрғындары әскери оркестрдің сүйемелдеуімен лек-легімен жақындап келіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.

Толассыз жауған жаңбырға қарамастан гүл шоқтарын қою рәсімі әлі де жалғасуда.

null null null null null null null null null null null null null null null null