Алматы әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Салтанатты шараға 40-тан астам білім беру саласының өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда қаланың білім беру жүйесіне 998, соның ішінде 443 мемлекеттік және 555 жеке меншік ұйым кіреді. 370 мыңнан астам балаға 28 мың педагог білім беріп отыр.

«Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап білім беруді дамыту - мемлекеттік саясаттың өзгеріссіз басымдығы болып табылады. Қазақстан Президенті Н.А. Назарбаев бастамасы бойынша өткізілетін реформаларды жүзеге асыруда Қазақстандық мұғалімдердің қосқан үлесі ұшан теңіз. Биылғы жылы Қазақстан жаңа тарихи кезеңге өтті. Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап өткендей, ертеңгі күннің ерекшелігіне ұлт жетістігінің басты факторы - тек адамның бәсекеге қабілеттілігі. Ұстаздар қауымы, сіздерге, біздің балаларымыз бен жастарымыз үшін алда осы қасиеттер жиынтығын дарыту тұр. Өзекті міндеттерді ескере отырып, биылғы жылы біз қала мектептерін заманауи физика, химия, биология, лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталармен 100% жабдықтадық. Соңғы 5 жылда 15 мың орынды 13 мектеп ашылды. Біз Алматыдағы ең дарынды мұғалімдердің жұмыс істейтіндігімен мақтан тұтамыз. Республикалық олимпиадаларда және ғылыми жарыстарда бірнеше рет бірінші орынға ие. Сіздердің оқушыларыңыз бірнеше рет халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда бірінші орындарға ие болып келеді. Жоғары нәтижелерін ҰБТ-да көрсетеді. Бүгінгі күні қаланың білім беру жүйесін дамытуға лайықты үлес қосып келе жатқандарыңызға, сіздердің қиын, өте жауапты жұмыстарыңыз үшін алғыс айтқым келеді», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кету керек, Алматы түлектері осымен алтыншы жыл қатарынан ҰБТ нәтижесі бойынша орташа балы үздік 97,5 көрсетіп отыр. Соңғы 12 жыл бойы республикалық олимпиадада бірінші командалық орынды иеленді. Республикалық ғылыми жобалар конкурстарында 15-ші рет жеңіске жетті. Президенттік олимпиададан 11 сынып оқушылары арасында төртінші жыл қатарынан жеңіп келеді.

Сонымен бірге, соңғы бес жыл ішінде қалада 15 мың орындық 280-нен астам балабақша және шамамен 15 мың орынға арналған 13 мектеп ашылды. Тек өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 500 орындық 4 балабақша пайдалануға берілді.

«Шаңырақ» және «Қалқаман» шағын аудандарында мектептерге жапсарлас 1 800 орындық құрылыс нысаны салынып, пайдалануға берілді. Биылғы жылы 6 балабақша құрылысы басталды. Шағын «Өжет» ауданындағы №156 мектепте 600 оқушыға арналған жапсарлас құрылыс жүргізілуде. Алатау және Наурызбай аудандарында 2 600 орындық мектеп құрылысына қосымша қаржы бөлінді.

Өткен жылы мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жеке қаражаттар есебінен 175 балабақша және 5,7 мың орындық шағын орталықтар ашылды. Биылғы жылы 2 000 орындық 57 жеке балабақша пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан қолдау шамамен 14 млрд теңге бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Соңғы 2 жылдың инвесторлар есебінен 7 мың орындық 54 балабақша салуға шешім қабылданды. 3 мың орындық 24 балабақша коммуналдық меншікке беріледі. Осының арқасында бюджеттік үнемдеу шамамен 24 млрд. теңге болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдан бастап  тегін кәсіби-техникалық білім жобасы жүзеге асырылуда. 

Соңғы жаңалықтар