Алматы әкімі үздік тауар өндірушілерді марапаттады

  АЛМАТЫ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов  Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Алматы әкімі  үздік тауар өндірушілерді марапаттады

Онда   «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында құрылыс саласында «Асфальтбетон1» ЖШС, машинажасау саласында «Келет» АҚ,  «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында медицина саласында  «Dosfarm» ЖШС,    «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша «Ақсай» нан-бөлке комбинаты, «Обис компаниясы» ЖШС  жеңімпаз деп танылды. Өңірлік көрме-байқауының дипломанттарына әр аталымда 1-3 дәрежелі қала әкімінің дипломдары және бағалы сыйлықтар тапсырылды. Енді  өңірлік байқаудың жеңімпаздары ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысады.