Алматы әкімі ЮНИСЕФ өкілдігімен кездесті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі ЮНИСЕФ өкілдігі басшысымен кездесті. Жүздесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тараптар өзара ынтымақтастың бірқатар бағыттарын, оның ішінде балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды, мүгедек балаларға қолдау көрсетуді, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жасқартуды күшейту мәселелерін талқылады.
«Маңыздысы тек Үкімет деңгейінде және жасалған заңдар бойынша ғана емес, сонымен қатар өңірлерде де балалармен жұмыс істеуді дамыту қажет. Әрбір қала жергілікті жерде кез- келген мәселені шеше алады. Маған «Алматы-2020» даму бағдарламасы ұнайды, бұл біздің мүддемізге сай келетін құжат, мысалы, бала мен ана өлімін төмендету біздің мүддеміздің басым бағыттарының бірі»-, деді Юрий Оксамитный.
Алматы әкімі ЮНИСЕФ бастамаларын толық қолдайтындығын жеткізді. Мегаполис басшысы қалада балалардың білімін арттыруға, жан-жақты дамуына, жасөспірімдердің әлеуметтік қорғалуы мен интеграцияға айрықша көңіл бөлінетінін айтты.
Айта кету керек, биылғы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Арнайы Жол картасы жасалып, оған 5 маңызды бағыт енді.
Бұдан өзге Алматыда бала асырап алу көрсеткішінің артуына байланысты жетімдер үйіндегі балалардың саны азайып барады.
Өткен жылмен салыстырғанда үш жетімдер үйінде тәрбиеленушілер саны 286-дан 242-ге азайды.
Стационарларда, жартылай станционарларда және үйлерде мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Жылдың басында кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыстың алдын алу және кәмелетке толмағандарға жағдай жасаудың Кешенді жоспары бекітілген еді. Мектеп жасына дейін білім беретін мекемелер салу жалғасуда, әрі бұл іс мемлекеттік-жекешелік серіктестің қағидасы бойынша жүзеге асуда.