Алматы әкімі жалқау шенеуніктердің орнына белсенді азаматтарды жұмысқа алуды ұсынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбек халықпен есепті кездесу барысында белсенді тұрғындарға алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, қала тұрғындары тарапынан әлеуметтік желілер, Опен Алматы порталы, әкімдіктер арқылы  қала билігіне 120 мың рет өтініш білдірген.

«Интернет желісі 24 сағат бойы ашық болуға мүмкіндік береді. Бұл өтініштердің барлығы аудан әкімдіктерінің жиындарында талқыланады. Әсіресе, Фейсбук желісінде «Жаяу жүргіншілерге арналған қала» тобында азаматтар белсенді пікір білдіреді. Мәселен, Игілік Қаңтарбаева,  Алексей Щеглов, Асқар Тулеевтер заңсыз салынған ғимараттар, ағашты заңсыз отау мәселелерін, люктердің жоқтығын хабарлап отырады.

Думан Қапасов есімді азаматтың көмегімен Брусиловский көшесіндегі жазғы кафе сүрілді. Елена Лысенко есімді тұрғынның көмегімен жерасты жолдарындағы жарықтандыру қалпына келтірілді. Сәкен Жүсіпбеков деген азамат 30 мәселенің шешілуіне көмек берді. Мүмкін кейбір жұмыс жасамайтын органдардағы адамдардың орнына Сәкен Жүсіпбековті жұмысқа қабылдармыз? Оның жұмысы нәтижелі екені көрініп тұр», - деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімі Алматының экономикалық әлеуметтік даму көрсеткіштерін тілге тиек етті.

Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдарынан бері Алматыда экономика 100 есе өскен. Тұрғын үй қоры 2 есе, жеке көліктер 10 есе артқан. Қазір Алматының экономикасы ел экономикасының ¼ бөлігін құрайды.

Айта кету керек, Алматы әкімінің ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты Динар Нүкетаева, этномәдени бірлестіктер, «Атамекен» палатасының, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысып отыр.

Соңғы жаңалықтар