Алматы әкімі жаңа құрылған «Саялы» шағынауданында болды
Ы. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматының Алатау ауданындағы Саялы ықшамауданында қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен ағаш отырғызу акциясы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара барысында қала әкімі шағын ауданның жаңа құрылғандығын атап өтіп, көркейту, көгалдандыру жұмысына барлық тұрғындардың атсалысуы қажеттігін айтты. «Саялы» шағынауданында «Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2-де» заңсыз салынып, көктем кезінде су тасқынының астында қалған 62 үйдің тұрғындары тұрады. Аудан әкімдігі оларға 60 миллион теңгеден астам қаржы бөліп, баспана салып, электр желісін, су жүйесін тартып, жол салып берген. Аудан әкімі Бағдат Мәнізоровтың айтуынша, бұл жерге болашақта көпқабатты үйлер салу да көзделген.
Ағаш егу акциясынан кейін Ахметжан Есімов Б. Мәнізоровтың ауданның дамуы туралы есебін тыңдады.