Алматы әкімі: Жаппай вакцинация сәуірдің ортасында басталады
Қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, қала әкімі вакцинация пункттері тек емханаларда ғана емес, ірі сауда орталықтарында да ашылатынын айтты. Мобильді пункттердің жұмысы да ұйымдастырылады.
Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына және бұрынғы қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беретін вакцинацияны қолдауға шақырды.
«Өзіңізді КВИ-ден қорғаудың жалғыз сенімді тәсілі – вакцинация. Сәуір айында вакцинаның жеткізілуін күтеміз. Тұрғындарының санын ескере отырып, 65 мың доза вакцинаның белгілі бір лимиті көбейтіледі. Халықты жаппай вакциналау сәуірдің екінші жартысына жоспарланып отыр»,-деді Бақытжан Сағынтаев.
Айта кетейік, вакцинация ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен алгоритм бойынша жүзеге асырылады. Үш кезең анықталды, оған сәйкес бірінші кезекте дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім беру және қауіпті топтарға жататын азаматтар - созылмалы аурулармен есепте тұрған адамдар иммундауға жатады.