Алматы әкімі жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарының құрылысымен танысты

АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматы қаласы әкімдігінде қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалық етуімен Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы нысандарының құрылысына қатысты кеңес болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Құрылыс компанияларының басшылары қала әкіміне Алматы метрополитенінің, Шығыс айналма автомобиль жолының, Саин мен Төле би, Әл-Фараби мен Жароков көшелерінің бойына салынып жатқан жол айрықтары құрылыстарының барысы туралы мәлімдеді. 2009 жылы метро құрылысына 22,297 млрд. теңге бөлініп отыр. «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ының бас директоры Мұрат Өкшебаев метрополитеннің алғашқы кезегі 2009 жылы берілетіндігін айтты. Ахметжан Есімов стансыларды безендірген кезде отандық өндірушілерге көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. 2009 жылдың аяғында жұмыстан босаған жұмысшыларды басқа жұмыстарға тарту қажеттігі де айтылды. Мұнда екі нұсқа ұсынылды, біріншісі - босаған жұмысшылардың 70% -ын метроның екінші кезегін салуға пайдалану, ал екінші нұсқа ? босаған 16 техника мен өзге құрылысшыларды Қазақстаннан тыс жердегі басқа құрылыстарға жіберу.Шығыс айналма жолын салу үшін 2009 жылы 4,4 млрд. тенге бөлініп отыр. 25 күннен соң тоннель құрылысы толық аяқталатын болады. «Дормехстрой» ЖШС-тің бас директоры Юрий Слуевтың айтуынша, Шығыс айналма жолының құрылысына жер телімін сатып алу, коммуникация желілерін ауыстыру қолбайлау болуда. Саин ? Төле би, Әл-Фараби ? Жароков көшелерінің бойындағы жол айырығын салуға бөлінетін қаржы 2009 жылдың сәуір айына ауыстырылғандықтан, құрылыс мерзімі де ұзаруы мүмкін. «Трансстроймост» АҚ-ның бас директоры Александр Рязанов Саин ? Төле би көшелерінің бойында көлік қозғалысын сәуір және мамыр айында ашуды жоспарлап отырғандықтарын жеткізді. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Жол полициясы басқармасына Саин мен Төле би көшесінің бойындағы жол айрығы құрылысын салу үшін Саин көшесіндегі көлік қозғалысын тоқтатуды тапсырды, сонымен қатар ол екі жол айрығының құрылысын қаржыландыру мәселесін тез арада шешуді де ерекше атап өтті.
Соңғы жаңалықтар