Алматы әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қала әкімі Ерболат Досаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Кездесуге барлығы 40-тан астам өнер, мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты.
Кездесу барысында Ерболат Досаев адами капиталдың жоғары сапасын, оның ішінде Алматының ғылыми, шығармашылық және мәдени әлеуетінің зор екенін атап өтті.
Зиялы қауым өкілдері өнер мен әдебиеттің даму деңгейі, шығармашылық шеберханаларды ұйымдастыру қажеттілігі, дәстүрлі музыканы дамыту, қала музейлерін жаңғырту және тағы да басқа өзекті мәселелерді көтерді.
Қала әкімі зиялы қауым өкілдеріне идеялары үшін алғыс айтып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен ұтымды пікірлермен алмасу үшін осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп отыруды ұсынды.


Соңғы жаңалықтар