Алматы әкімінің бұйрығымен өртенген пәтерлер мен автокөліктердің иелеріне материалдық көмек көрсетіледі
АЛМАТЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Жанармай таситын жүк көлігі жарылған жерге алғаш келгендердің бірі Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов болды. Қала басшысы бүгін таңертең С.Сейфуллин және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған апаттың себебі мен ауқымын анықтаумен айналысатын арнайы комиссия құруды бұйырды.
Бұған дейін хабарланғандай, таңғы сағат 10.00-де ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. «Helios» компаниясына тиесілі жанармай таситын жүк көлігі аударылып, жарылды. Көліктегі жанармай жерге төгілді. Нәтижесінде лаулаған өрт жуық маңдағы аумақты шарпыды.
Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, сегіз автокөлік өртте қалған болып шықты. Жалын, сондай-ақ, 9 қабатты тұрғын үйге өткен. Құтқарушылардың ақпаратына қарағанда, 40 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген, құтқарушылар сегіз адамға көмектесті. Жанармай таситын жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, басқа құрбандар жоқ.
Қазіргі уақытта өрт сөндіру жалғасуда. ТЖ орнында шамамен 40 техника бірлігі және 350-ден астам мамандар жұмыс істеуде. Қала басшысының өкімімен құрылған арнайы комиссия оқиғаның себебін анықтауда, сондай-ақ, өрттен келген залалды есептеуде. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша зардап шеккендерге айыпты адамның тарапынан өтемақы төленбек. Әкім, сондай-ақ, жанып кеткен автокөліктер мен пәтерлердің иелеріне материалдық көмек көрсетуді тапсырды.
Барлық тұрғындар аман, жарақат алғандар жоқ. Үй тұрғындары жақын жердегі мектепке орналастырылды.