16:10, 12 Тамыз 2019 | GMT +6
Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қызметінен кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бұл қызметке 2015 жылы келген болатын. 4 жылда кәсіпкерлік, баспана, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік әл-ауқат, жол мәселелерімен айналысты.
Бұрынғы орынбасар әлеуметтік желіні белсенді қолданатын. Алматыдағы LRT желісінің құрылысы, BRT желісі туралы, қалалық автобус паркінің жаңаруына қатысты көп пікір білдірген болатын.