Алматы әкімінің орынбасары С. Сейдуманов Алатау ауданы тұрғындарымен кездесті

АЛМАТЫ. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Маржан Кеңесбай/ -  Кеше Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік  Сейдуманов Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті,

Алматы әкімінің орынбасары С. Сейдуманов Алатау ауданы тұрғындарымен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жаңа аудан құру бойынша ұйымдастыру мәселесі 2008 жылғы шілденің 2-де болған қалалық маслихаттың отырысында қаралып, енгізілген болатын. Ол отырыста Алматы қаласының әкімі А. Есімов «Аудан шекараларына өзгерту енгізу және Алматы қаласының жаңа әкімшілік ауданын құру туралы» баяндама жасап, жаңа аудан құру туралы шешім шығарылған.

 «Аудан шаңырағын көтергелі бері жергілікті басшылыққа жүктелген міндеттің бірі  заңсыз жер телімдері мен тұрғын үйлерді заңдастыру болды. Атап айтар болсам, 4523 жер телімдері заңсыз басып алынған. Бүгінгі таңда заңдастыру бойынша 4481 өтініш қабылданып, оның 1865-не шешім шығарылды. Сондай-ақ қоғамның барлық саласында атқарылу керек жұмыстарды Алатау ауданы әкімінің аппараты жүзеге асырады»,  дейді аудан әкімі Б. Мәнізоров.

  Ал Серік Сейдуманов өз сөзінде бұл аудандағы атқарылып жатқан ауқымды істерге тоқталып өтті. «2009 жылы біз жоспарға сай  Алатау ауданында 30 шақырым жол салу үстіндеміз. Қазіргі таңда осында дағдарысқа қарамастан «Жол картасы» бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. Жарықтандыру, жолдар және басқа да күрделі істер қолға алынуда. Біз бұл ауданды жақын арада қалалық деңгейге жеткізу үшін бар күш-жігерімізді саламыз», деді ол.