Алматы ақпараттық медиа нарықты дамытуда көшбасшылық позицияда келе жатыр - қалалық ішкі саясат басқармасының бастығы
АЛМАТЫ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда бұқаралық ақпарат құралдарының шоғырлануы өте жоғары деңгейде.
Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» деген тақырыппен өтіп жатқан 5-ші медиа құрылтайда айтылды.
«Американдық зерттеушілердің анықтауынша, 5 миллион адамдық аудиторияны жаулап алуға радиоға - 38 жыл, телеарнаға 14 жыл, ғаламдық интернет желісіне 4 жыл кеткен екен. Ал Алматы болса, ақпараттық медиа нарықты дамытуда көшбасшылық позицияда келе жатыр.Қазір статистикаға қарағанда, Алматыда мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оның 85-і ғана мемлекеттік», - дейді қалалық ішкі саясат басқармасының бастығы Бақтияр Мәкен. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары билік пен қоғам арасындағы өзара байланысты қалыптастырып қана қоймай, өзі де әлеуметтік серіктестікке түсуде.