Алматы әлемдегі ең инновациялық қалалар рейтингінде 15-орынға көтерілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең инновациялық қалалар («Innovation Cities») тізімінде Алматы 2016-2017 жылдары нарықтың дамуы саласы бойынша «Emergina Markets» аталымы бойынша рейтингте 15-орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әлемдегі ең инновациялық қалалар рейтингінде 15-орынға көтерілді

Бұл рейтингте Алматы Киев (18-орын), Бакуды (20), Тбилиси (21), Бішкек (30) және Астана (35) қалаларын басып озды.

«Бұл - үлкен жетістік. Аталған рейтингке Алматы 2015 жылы 35-орында болған. Егер посткеңестік елдер кіретін Еуразия аймағын бөліп салыстыратын болсақ, онда Алматы 2-ші орында»,  - деп жазды «Алматыны дамыту орталығы» басқарма басшысы Әсет Әбдуалиев Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, Emergin Markets рейтінгі бойынша, Дубай, Әбу-Даби, Кейптаун қалалары ең инновациялық қала атанды.