Алматы әлемдік бокстың орталығына айналады - Ю.Цхай
«Бүкіләлемдік бокс академиясы - халықаралық стандарттар бойынша салынған бірегей ғимарат. Мұнда жаттығулар мен спорт жарыстарын өткізетін залдар, спорт бассейні, кәсіби футбол алаңы, теннис корты, баскетбол және волейбол алаңдары, тренажер залы, сондай-ақ 160 адамға арналған қонақ үй, конференц-залдар, дәмхана және асхана бар. Медициналық орталық салу жоспарлануда». - деді Ю.Цхай.
Оның айтуынша, биылғы жылы күзде академия әлемнің әртүрлі елдерінен қонақтарды белсенді қабылдай бастайды, сонда ол спортшылар үшін ғана емес, жаттықтырушылар, төрешілер, дәрігерлер мен менеджерлер үшін де даму орталығына айналады.
«Бізде барлық жағдай бар, енді біздің жеңе білуіміз қажет. Бұл шын мәнісінде, ең үздік кешен! Тіпті менің Лондонға соңғы ұрыстарға барған кезімде, бір жерде осындай қолайлы жағлай жасалған жерді көрген жоқпын. Сонымен бірге тамаша таза ауа да бойға сергектік береді, өйткені кешен Алматы маңындағы Іле Алатауының бөктеріне орналасқан», - деп өз әсерлерімен бөлісті бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев.
Оның айтуынша, 2016 жылы Қазақстан әйелдер боксы бойынша әлем чемионатын өткізеді. Ал бүгінде мұнда қыздар арасындағы бокстан Ресей, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстан спортшыларының халықаралық кездесуі өтуде.