Almaty Arena мұз сарайында өрт шығып, 4 бала құтқарылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Almaty Arena көпфункционалды мұз кешені аумағындағы өрт шықты.

өрт
Фото: pixabay

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қаңтарда Алатау ауданында орналасқан «Нұркент-7» шағын ауданында мұз кешенінің бірінші қабатынан өрт шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенше келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып үлгерген.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары барлау және өртті сөндіру барысында 2013, 2016, 2019 және 2012 жылы туған төрт бала құтқарды.

Үлкен өрт жүктемесіне қарамастан, өрт сөндірушілер өрттің іргелес орын-жайларға таралуына жол берген жоқ.

Өрт 15:52-де сөндірілді. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған.

Осыған дейін Жезқазған қаласында жанармай құю станциясында өрт шығып, үш көліктің жанып кеткені туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар