«Алматы Аруы - 2015» әлемдік байқауда Қазақстанның намысын қорғайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы Аруы-2015» Қазақстанның намысын «Әлем Аруы» байқауында қорғайтын болады. Бұл жайлы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.

«Алматы Аруы - 2015» әлемдік байқауда Қазақстанның намысын қорғайды

Байқау дирекциясы Алматының ең әдемі аруы халықаралық байқауда бақ сынайды деген шешімге келді.

Сұлулық байқауына кастинг 27 маусымда басталады. Қазірдің өзінде 40 үміткер өтінім берді.

«Жылда 200-ге жуық бойжеткен өтініш береді. Олардың ішінен 25 қыз іріктеліп алынады. Кейін 2 ай бойы олар түрлі қайырымдылық және мәдени шараларға қатысады. 2015 жылы өтетін мерейтой өте көп. Сондықтан, биылғы байқаудың тақырыбы да осы даталарға байланысты болмақ. Финал қыркүйек айында болады», - деді байқау директоры Совет Сейітов.

«Қазақстан аруы-2014» Регина Вандышева аталған шараға белсенді ат салыспақ.

Ол қазір биыл желтоқсанда Қытайда өтетін «Әлем Аруы» байқауына дайындалып жатыр.