03:21, 29 Тамыз 2015 | GMT +5
«Алматы-Астана» бағытындағы ұшақ бортында темекі шеккен адам жазаланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөліміне «Эйр Астана» АҚ-ның қауіпсіздік қызметінен «Алматы-Астана» бағытындағы ұшақ бортында құқықбұзушы бар екендігі туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлады Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Тексеру барысында жолаушы ер азаматтың әуе кемесінің бортында темекі шеккені туралы дерек анықталды. Көлік полицейлері ҚР ӘҚБтК-тің 441-бабы 1-тармағы (Жекелеген қоғамдық орындарда темекі тартуға салыған тиымды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Жыл басынан бері Көліктегі ІІД қызметкерлері белгіленбеген жерлерде темекі тартуға салынған тиымды бұзғаны үшін 3600-ден астам адамды жауапкершілікке тартқан, соның ішінде Астана қаласындағы әуежайдың ЖПБ қызметкерлері 250 құқықбұзушыны, Алматы қаласындағы әуежайдың ЖПБ қызметкерлері 32 құқықбұзушыны ұстаған.