«Алматы - Астана - Қазан» теміржол қатынасын ашу ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстанның Татарлар және башқұрттар конгресі «Алматы - Астана - Қазан» жаңа теміржол қатынасын ашуды ұсынды. Бастама жайлы Татарстан президенті   Рустам  Минниханов пен Қостанай облысының әкімі Архимед  Мухамбетовтің кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Алматы - Астана - Қазан» теміржол қатынасын ашу ұсынылды

«Кезінде Қазақстанның Татарлар және башқұрттар қауымдастығы мемлекеттік органдар мен авиакомпанияларға  «Астана-Қазан-Астана» және «Алматы-Қазан-Алматы» авиарейстерін ашу туралы тиісті өтінішпен шыққан болатын. Бүгін, интеграциялық байланыстардың дамуы мен халықтың өтініштерін ескере отырып, күн тәртібіне «Алматы-Астана-Қазан» маршруты бойынша тіркемелі вагон бөлу мәселесі шығарылды», - деді конгресс басшысы Тауфиқ Кәрімов.

Сондай-ақ Татарстан Президентіне Қазақстандағы татар және татар-башқұрт этномәдени ұйымдарының жұмысы жайлы әңгімелене келе, екі республика арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту бойынша бірқатар бастамалар жеткізілді.