Алматы атмосферасының орташа ластану индексі жыл сайын төмендеп келеді

АЛМАТЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Алматы қаласы Гидрометеорологиялық мониторингі орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының мәліметі бойынша,
None
None

атмосфераның орташа ластану индексі (АЛИ5) 2010 жылы 11,7-ні құраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда (12,9) төмен көрсеткіш.

Алматы қаласы әкімдігінің «2009-2018 жылдарға арналған Алматы қаласында қоршаған ортаның ластануын төмендету жөніндегі» кешенді бағдарламасы жүргізілуде. Оның аясында ауаға зиянды заттар шығарындыларын азайтуға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.

Бүгінде Алматы қаласында арнайы табиғатты пайдалану режімінде қызмет жасап отырған 2223 кәсіпорын бар, оның ішінде І санаттылары - 15, ІІ санаттылары - 106, ІІІ санаттылары - 474 және ІV санатылары - 1628. Ал бұлардың ішінде негізінен ауаны ластайтындар І және ІІ санаттағы кәсіпорындар болып отыр.

Алматы қаласы аумағында атмосфералық ауаға тұрақты және жылжымалы көздерден тарайтын ластаушы заттардың жылдық шығарындыларының көлемі 2008 жылы 237116 тоннаны құраған, оның ішінде, 47016 тоннасы қаладағы жеке тұрғын үй секторы, ал қалғаны ЖЭО-2 үлесін қоса есептегенде, кәсіпорындар мен ұйымдардың тұрақты көздерінен тарағаны анықталды.

Қазіргі уақытта қала атмосферасының ластануына автокөліктер айтарлықтай әсер етуде. Бүгінде Алматы қаласында 520 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Оған қоса, күн сайын қалаға сырттан 200 мыңға дейін көлік кіреді екен. Былтыр өткізілген «Қаламызға таза ауа» айлығында түтін мен улы газдың қалыпты жағдайын тексеру барысында, қалада жүрген 7140 автокөлік құралы тексеріліп, оның 2649, яғни жалпы санының 30 пайызында қалыпты мөлшерден ауытқушылық анықталған. Тексеру нәтижесі бойынша, автокөлік иелеріне 7 млн. 31 мың теңге айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар