«Алматы» аудандық әкімдігінің ғимараты балабақша үшін босатылды - Астана

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Елордалық «Алматы» ауданының әкімдігі ғимаратын балабақша үшін босатып беруде,
None
None

деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Мемлекеттік органдарға өзі орналасқан бұрынғы балабақша ғимараттарын босату туралы тапсырма берілгені баршаға аян. Бұл - мектепке дейінгі дайындық мекемелерінің жетіспеушілігін төмендетуге бағытталған «Балапан» бағдарламасының бір шарасы.

Кезінде Астанаға қоныс аударған мемлекеттік мекемелерге берілген ғимараттарды қайтару шарасы жалпы есеппен осындай 14 нысанды босатуға мүмкіндік береді, делінген хабарламада. Ал бұл 3 мыңдай балаға арналған орын. Осындай ғимараттардың бірін «Алматы» ауданы әкімінің аппараты иеленіп келген болатын. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін бұл нысанға жаңа балабақша орналасады, ал әкімдікке Сол жағалаудан Тәуелсіздік даңғылы, 7 үй мекен-жайы бойынша ғимарат беріліп отыр.

Айта кету керек, аудандық әкімдіктің телефондары өзгерген жоқ.

Соңғы жаңалықтар