Алматы аудандық соты мен Салық комитетінің ғимаратында жарылғыш затқа ұқсас түйіншек табылды
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Астанадағы Алматы аудандық соты мен Сарыарқа аудандық Салық комитетінің ғимаратында скотчпен буылған белгісіз зат табылды.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Анықталғандай, фойеде табылған күдікті түйіншек жарылғыш затқа ұқсас болғандықтан, әкімшілік ғимараттан 500 адам қауіпсіз жерге шығарылып, арнайы іс-шаралар жүргізілді.
Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД-ның 10 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ «Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің 4 адамы мен 1 техникасы тексеру барысында жарылғыш зат таппады.