Алматы әуежайы анықтама қызметінің байланыс нөмірі ауысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Халықаралық әуежайы анықтама қызметінің қысқа нөмірі ауысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі әуежайдың Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып.

Алматы әуежайы анықтама қызметінің байланыс нөмірі ауысты

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің 2016 жылғы 15 маусымдағы №106 «Алматы қаласы желілеріне анықтама-ақпараттық қызмет үшін берілген «1UV» нөмірлеу ресурсын қайтарып, «1UV(X1(X2)) нөміріне ауыстыру» бұйрығы негізінде 2017 жылдың 5 қаңтарынан бастап, «155» (Әуежай анықтама қызметі) қысқа нөмірі «1550» нөміріне ауысты» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жақында Алматы әуежайына қала әкімі Бауыржан Байбек барған болатын. Ол әуежайдың Универсиадаға дайындығын тексерді. Шаһар басшысы бірқатар олқылықтарды жоюға тапсырма берді.