Алматы әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеуде
АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Таңертең, қалың тұманға байланысты, Алматы Халықаралық әуежайына бірнеше ұшақ қона алмады. Бірақ, қазір тұман сейіліп, әуежай қалыпты режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы әуежайдың анықтама қызметінен хабарлады.
Алматы әуежайы «3 А» санатына жауап береді, бұл санат әуежайға 175 метр көз көрерлік жерден ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Бірақ, бүгін таңертең Алматы әуежайындағы ұшып-қону алаңының көріну мүмкіндігі 75 метрден аспаған.
Жақын сағаттарда барлық ұшақтар Алматыға оралуы тиіс.