Алматы әуежайы техникалық тұрғыдан қызмет көрсетуге дайын
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әуежайы жолаушылар мен әуе компанияларына техникалық тұрғыдан қызмет көрсетуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» сілтеме жасап.
«Алматы және Талдықорған әуежайлары бұрынғыдай жабық тұр. Ал қалған әуежайлар штаттық режимде жұмыс жасап тұр», - деді Азаматтық авиация комитеті. Олардың қашан ашылатындығы белгісіз. Тек Алматы әуежайы жолаушылар мен әуе компанияларына техникалық тұрғыдан қызмет көрсетуге дайын екендігі нақтыланды», делінген хабарламада.