Алматы әуежайы терминалының қашан жаңғыртылатындығы белгілі болды
«Әуежайдың хабарлауынша, жолаушылар терминалының алаңын кеңейту жоспарланып отыр. Бұл орайда терминал сағатына 1600 емес, 4200 жолаушыға дейін қабылдай алады», - деді ҚазАқпарат сауалына берілген ҚР ИИМ Азаматтық авиация комитетінің ресми жауабында.
Бүгінде аталған жоба бойынша жобалық құжаттама жасалып жатыр. Бұл жұмыс 2020 жылы басталады. Оған 40 млрд теңге көлемінде инвестиция салынады.
Реконструкциядан соң терминал көлемі тағы 40 мың шаршы метрге ұлғаяды.
Ал автокөлік тұрағын 2 мың орынға жеткізу жоспарда бар.
«Жобалық-сметалық құжаттаманы жасауды 2019 жылдан бастаймыз. Ал құрылыс -монтаж жұмыстары 2020-2021 жылдары басталады», - деді халықаралық әуежайдан.
Бұдан бұрын Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов Алматы халықаралық әуежайының аумағы екі есе ұлғаятынын айтқан еді.