Алматы әуежайы жолаушыларына қымбат тамақтың орнына баламалы таңдау ұсынды

Оның сөзіне қарағанда, әуежайда бағасы төмендетілген тағамдармен вендинг-аппараттар орнатылуда. «Жақында баға бойынша пікір алмасу болды. Әуежай басшылығы осы проблемаға түсіністікпен қарап отыр. Осы орайда вендинг-аппараттарды орнату басталды, бұл адамдардың күту аймағында сатып алатын азық-түлік өнімдері бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Дәл сол тағамды жақын жерден 5-6 есе арзан бағаға сатып алуға болады. Менің ойымша, адамдар осындай қадамды дұрыс түсінеді және бұл мәселе шешімін табады», - деді ол. Тілшілерге берген сұхбатында ол Алматы әуежайындағы тамақтану орындарында жоғары баға мәселесін шешу қиындау екенін айтқан болатын. «Бұған объективті жағдайлар ықпал етуде. Әуежайда тамақтану орындарында бірнеше ие бар. Қоғамдық тамақтану орындарының иелері қойған бағаны әуежай басшылығы реттей алмайды», - деді Т.Дүйсенғалиев.