Алматы әуежайын әуреге салған мысық табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан Жезқазғанға ұшу барысында зардап шеккен мысыққа байланысты Алматы халықаралық әуежайында қызметтік тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әуежайын әуреге салған мысық табылды

Жануардың иесі Катира Кабдувахит өзінің Instagram парақшасында 3 қыркүйекте барлық қажетті анықтамаларды жинап, мысықты көлік компаниясы арқылы Алматыдан алып кеткенін айтқан еді.

Бірақ, Жезқазғанға жеткен соң мысықтың жоқ екені, кейінірек оны бортқа қабылдамағаны және оның қоймада қалғаны белгілі болды.

Мысық тек 3 қыркүйектің түнінде иесіне жарақатпен жеткізілді.

Осыған байланысты Алматы әуежайының баспасөз қызметі 4 қыркүйек күні Алматы халықаралық әуежайында мысық иесінің өтініші бойынша жедел қызметтік тексеру жүргізілгенін, жануарды алып жүруге, тиеуге және жөнелтуге қатысты қызметкерлердің сұралғанын, жүк қоймасы мен ұшақ тұрағындағы бейнебақылау камералары зерттелгенін мәлімдеді.

«Нәтижесінде, жүк тиелгенге дейін тасымал затының зақымдалмағаны, жануардың жарақат алмағаны анықталды, қызметкерлер тордың соғылуына және құлауына жол бермеген.

Жүк бөліміне жүктеп жатқан кезде, мысық алаңдай бастап, тордың есігін бұзып, перронға секіріп шығып кеткен.

Біраз уақытқа дейін ол ұшқалы жатқан лайнерлердің, оларға қызмет көрсететін арнайы машиналарға жақын жерде, перронда жүгіріп жүрген.

Осыдан кейін ол металл қоршау-торына өрмелеп, техника жұмыс істеп жатқан құрылыс алаңына өтіп кеткен.

Дәл осы сәтте оның жарақат алуы әбден мүмкін.

Жарты сағат бойы ол құрылыс алаңында тығылып жүрді, жануарды одан сайын шошытпау үшін шу мен жұмыс тоқтатылды.

Ал әуежай қызметкерлері болса, мысықтың арнайы техника доңғалақтарының астында қалып қоймауы үшін оны тез аулауға күш салған.

Мысықты іздеп жатқанда ұшақ өз кестесі бойынша ұшып кеткен.

Табылған мысық жүк терминалына қайтарылады, орын алған жағдай бір сағат ішінде Asia Freight компаниясына хабарланды.

Компания қызметкерлері мысықтың иесіне тез арада хабарласып, оларға болған жағдай туралы хабарлауы керек еді», - деп нақтылады ведомстводан.


операция
Ұқсас жаңалықтар

Моноқалаларға баратын дәрігерлер қандай әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етіледі