Алматы әуежайына бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Алматы әуежайына бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты,

Алматы әуежайына  бомба  қойылғандығы  туралы    хабар    жалған  болып  шықты -  Төтенше жағдайлар  министрлігі
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Мамырдың 17-сі күні сағат 16.01-де әуежайдың анықтама қызметіне ғимаратқа жарылғыш құрылғының қойылғандығы туралы құпия хабар түсті. Жедел әрекет еткен арнайы қызметтер 500 адамды көшіріп, арнаулы іс-шаралар жүргізді. Бірақ ешқандай бомба табылған жоқ.