Алматы әуежайынан жаңа халықаралық рейстер ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы халықаралық әуежайында халықаралық рейстердің саны 67-ге дейін өседі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында әуежай президенті Алып Ер Тоңға Ерсой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әуежайынан жаңа халықаралық рейстер ашылады

Спикердің мәліметінше, Алматы әуежайы өткен жылы 7,2 млн-нан астам жолаушыны қарсы алған.

«Өткен жылы 64 697 рейс жасалды, биыл 8 млн-нан астам жолаушы, 70 мыңнан астам әуе рейсі, 94 мың тонна Карго рейсі ұшады деп күтіліп отыр», - деді әуежай басшысы.

Ол сондай-ақ биыл рейстер саны 67-ге дейін артатынын айтты.

«Біз Ашхабад, Ереван, Карачи, Кутаиси, Лахор, Маскат, Кайрол және Сиамға жаңа рейстер ашылады деп күтіп отырмыз», – дейді спикер.

Ол сондай-ақ әуежайға келушілер арасында ең танымал бағыттарды атады.

Алып Ер Тоңға Ерсойдың айтуынша, халықаралық рейстер арасында ТОП-5 бағытқа - Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Мәскеу, Ташкент, ал ішкі рейстер арасында - Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалалары кіреді.