Алматы әуежайында 11 рейс кешігіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына және ұшақтардың кешігіп келуіне байланысты 11 рейс уақытынан кешігуде, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 08.00-дегі жағдай бойынша, 12 және 13 желтоқсан күндері мына рейстер кешігеді:


1. IQ353 Алматы-Астана (Алматының метеожағдайы бойынша);

2. ZXA529 Алматы-Үржар (Үржардың метеожағдайы бойынша);

3. KC857 Алматы-Ақтау (әуе компаниясының шешімімен);

4. KC127 Алматы-Ташкент (әуе компаниясының шешімімен);

5. DV713 Алматы-Астана (ұшақтың кешігіп келуі);

6. IQ377 Алматы-Шымкент (ұшақтың кешігіп келуі);

7. DV729 Алматы-Қостанай (ұшақтың кешігіп келуі);

8. KC939 Алматы-Бангкок (әуе компаниясының шешімімен);

9. KC935 Алматы-Куала-Лумпур (техникалық себептерге байланысты);

10. DP834 Алматы-Самара (әуе компаниясының шешімімен);

11. SU1947 Алматы-Шереметьево (ұшақтың кешігіп келуі).

Алматы-Үрімші (Үрімшінің метеожағдайы бойынша) CZ6012 рейсі тоқтатылды. Сондай-ақ, әуежайдың хабарлауынша, қазіргі уақытта вертикалды көрініс 1000 м, көлденең - 400 метр. Әуе кемелерін қабылдауға және ұшыруға қойылған шектеу жоқ.  

Соңғы жаңалықтар