Алматы әуежайында 17 әуе рейсі кешігіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында 17 әуе рейсі кешігіп жатыр. Бұған негізгі себеп әуежайдағы шектеу болып отыр.

Алматы әуежайында 17 әуе рейсі кешігіп жатыр

«Алматы халықаралық әуежайы» Фэйсбуктағы ресми парақшасында көрсетілгендей,

KC301 Алматы- Өскемен Эйр Астана ұшағы техникалық себептермен,

DV713 Алматы- Астана Скат ұшағы  ұшақтың кешігіп келу себебінен кешігуде.

KC969 Алматы- Шымкент Эйр Астана рейсі, KC855 Алматы- Астана Эйр Астана рейсі, Z92013 Астана-Ақтөбе бағытындағы Бек Эйр рейсі, DV706 Алматы- Шымкент бағытындағы Скат рейсі,  KC987 Алматы- Үрімжі бағытындағы Эйр Астана рейсі, KC859 Алматы- Ақтау бағытындағы Эйр Астана рейсі, KC609 Алматы- Астана-Сеул бағытындағы Эйр Астана рейсі, KC887 Алматы- Бейжің бағытындағы Эйр Астана рейсі,  DV731 Алматы- Ақтау бағытындағы Скат рейсі, Z92215 Алматы- Қызылорда-Атырау бағытындағы Бек Эйр рейсі, KC935 Алматы- Куала-Лумпур бағытындағы Эйр Астана рейсі, KC929 Алматы- Гонконг бағытындағы Эйр Астана рейсі, KC931Алматы- Бангкок бағытындағы Эйр Астана рейсі Алматы әуежайындағы шектеуге байланысты кешігіп жатыр.

IQ351 Алматы- Астана бағытындағы Қазақ Эйр рейсі мен  CZ6012 Алматы- Үрімжі бағытындағы Оңтүстік Қытай әуе-жолдары рейсі 30-мамырға ауыстырылды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Халықаралық Алматы әуежайындағы вертикалды көрініс 1500 м, горизонталды көрініс 10000 м деңгейінде болып тұр.

Әуе кемелерін қабылдауға және ұшып шығаруға шектеу жоқ.