Алматы әуежайында арнайы техникалық құрылғыларды контрабандалық жолмен алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

АЛМАТЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Алматыдағы халықаралық әуежайда орналасқан «Жетісу» кеден бақылау бөлімінің қызметкерлері арнайы текникалық заттарды алып өтпек болған Қазақстан азаматын ұстады.

Алматы әуежайында арнайы техникалық құрылғыларды контрабандалық жолмен алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

Кедендік тексеріс кезінде №7933-ші «Пекин-Алматы» әуе рейсімен келген әйел адамның қол сөмкесінен бейне камерасы, дыбыс жазу құрылғысы және USB порты бар қалам тектес 4 арнайы техникалық құрал табылған.

Қазіргі таңда аталған айғақ бойынша алғашқы мәліметтер жиналып, Алматы қаласы Кедендік бақылау департаментінде тіркелген. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес басқармасымен тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы кезде заңсыз контрабандалық жолмен тауарларды алып өту оқиғалары жиілеп кеткен. Алайда, Алматы қаласы КБД-не қарасты «Жетысу» кеден бақылау бөлімінің қызметкерлері тәулік бойы кедендік ереженің бұзылуына қарсы аянбай қызмет етуде.