Алматы әуежайында бірқатар рейс бөгеліп қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Халықаралық әуежайы көптеген рейстердің бөгеліп жөнелтілгені туралы ақпаратты таратты. Бұл жайында әуежайдың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 Алматы әуежайында бірқатар рейс бөгеліп қалды

Ресми ақпаратқа сәйкес, таңғы сағат 8.00-ге дейін келесі әуе рейстерін кідірте тұруға тура келді:

1 КС131 Алматы-Душанбе (ә/к жолаушылардың кеш отырғызу) Эйр Астана;

2 DV733 Алматы-Астана (ұшақтың кешігіп келуі) Скат;

3 DV731 Алматы-Ақтау (мұзға қарсы өңдеу) Скат ;

4 DV781 Алматы-Қарағанда (техникалық себептерге байланысты емес ұшақты ауыстыру) Скат;

5 КС991 Алматы-Астана (техникалық себептермен) Эйр Астана;

6 SU1947 Алматы-Мәскеу (ұшақтың кешігіп келуі) Аэрофлот.

Сонымен қатарт тоқтатылған екі рейс тіркелді. Олардың ішінде:

- КС987/988 Алматы-Үрімжі-Алматы (Үрімжі қ. м/ж);

-CZ6011/6012 Алматы-Үрімжіі-Алматы(Үрімжі қ. м/ж);

«Қазіргі кезде Алматы әуежайында ұшақтарды қабылдау мен шығаруға байланысты ешқандай шектеулер жоқ», - делінген ресми хабараламада.